ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге арналған есептік жазбалар

Басқару серверін орнату және онымен жұмыс істеу үшін, сізге Басқару серверін орнату бағдарламасын (бұдан әрі "инсталлятор" деп те аталады) іске қосатын Windows есептік жазбасы, Басқару сервері қызметін іске қосатын Windows есептік жазбасы және ДҚБЖ-не қатынасу үшін ДҚБЖ ішкі есептік жазбасы керек болады. Есептік жазбаларды жасауға немесе қолданыстағыларды қолдануға болады. Осы есептік жазбалардың барлығы белгілі бір құқықтарды талап етеді. Қажетті есептік жазбалар жиынтығы және олардың құқықтары келесі өлшемшарттарға байланысты:

Есептік жазбаларға құқықтар мен рұқсаттар беру кезінде ең аз артықшылықтар қағидатын ұстаныңыз. Бұл, берілген құқықтар тек қажетті әрекеттерді орындау үшін жеткілікті екенін білдіреді.

Төмендегі кестелерде, Басқару серверін орнатпас бұрын және іске қоспас бұрын есептік жазбаларға ұсынылуы тиісті жүйелік құқықтар және ДҚБЖ-не арналған құқықтар туралы ақпарат бар.

Windows түпнұсқалық растамасы бар Microsoft SQL Server

Егер сіз SQL Server серверін ДҚБЖ ретінде таңдасаңыз, SQL Server серверіне қатынасу үшін Windows түпнұсқалық растамасын пайдалануға болады. Орнату бағдарламасын іске қосу үшін пайдаланылатын Windows есептік жазбасына және Басқару сервері қызметін іске қосу үшін пайдаланылатын Windows есептік жазбасына жүйелік құқықтарды конфигурациялаңыз. SQL Server серверінде осы Windows есептік жазбалары үшін есептік жазбалар жасаңыз. Сервер дерекқорын құру әдісіне байланысты төмендегі кестеде сипатталғандай осы есептік жазбаларға қажетті SQL Server құқықтарын ұсыныңыз. Есептік құқықтарын теңшеу туралы толығырақ SQL Server жүйесімен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды теңшеу (Windows түпнұсқалық растамасы) бөлімін қараңыз.

ДҚБЖ: Windows түпнұсқалық растамасы бар Microsoft SQL Server (соның ішінде Express Edition)

 

Дерекқорды автоматты түрде жасау (орнату бағдарламасы арқылы)

Дерекқорды қолмен жасау (әкімші тарапынан)

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба құқықтары

  • Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.
  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: sysadmin.
  • Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.
  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: public.
    • Сервер дерекқоры үшін дерекқор мүшелігінің рөлі: db_owner, public.
    • Сервер дерекқорының әдепкі бойынша схемасы: dbo.

Басқару сервері қызметінің есептік жазбасы.

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:

Басқару сервері қызметі есептік жазбасының құқықтары

  • Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.
  • SQL Server құқықтары: инсталлятор берген қажетті құқықтар.
  • Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.
  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: public.
    • Сервер дерекқоры үшін дерекқор мүшелігінің рөлі: db_owner, public.
    • Сервер дерекқорының әдепкі бойынша схемасы: dbo.

SQL Server түпнұсқалық растамасы бар Microsoft SQL Server

Егер сіз SQL Server серверін ДҚБЖ ретінде таңдасаңыз, SQL Server серверіне қосылу үшін SQL Server түпнұсқалық растамасын пайдалана аласыз. Орнату бағдарламасын іске қосу үшін пайдаланылатын Windows есептік жазбасына және Басқару серверімен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын Windows есептік жазбасына жүйелік құқықтарды конфигурациялаңыз. SQL Server серверінде, оны түпнұсқалық растама үшін пайдалану мақсатында құпиясөзі бар есептік жазба жасаңыз. Содан кейін, осы SQL Server есептік жазбасына төмендегі кестеде көрсетілген қажетті құқықтарды беріңіз. Есептік құқықтарын теңшеу туралы толығырақ SQL Server жүйесімен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды теңшеу (SQL Server түпнұсқалық растамасы) бөлімін қараңыз.

ДҚБЖ: SQL Server түпнұсқалық растамасы бар Microsoft SQL Server (соның ішінде Express Edition)

 

Дерекқорды автоматты түрде жасау (орнату бағдарламасы арқылы)

Дерекқорды қолмен жасау (әкімші тарапынан)

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба құқықтары

Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.

Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.

Басқару сервері қызметінің есептік жазбасы

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows пайдаланушысы есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.

Басқару сервері қызметі есептік жазбасының құқықтары

Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.

Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.

SQL Server түпнұсқалық растамасы үшін пайдаланылатын есептік жазба құқықтары

Дерекқор жасау және Басқару серверін орнату үшін қажет SQL Server құқықтары:

  • Сервер деңгейінің рөлі: public.
  • master дерекқоры үшін дерекқор мүшелігінің рөлі: db_owner.
  • master дерекқорының әдепкі бойынша схемасы: dbo.
  • Рұқсаттар:
    • CONNECT ANY DATABASE
    • CONNECT SQL
    • CREATE ANY DATABASE
    • VIEW ANY DATABASE
    • VIEW SERVER STATE (Always On параметрі қосулы болса)

    Басқару сервермен жұмыс істеу үшін қажет SQL Server құқықтары:

  • Сервер деңгейінің рөлі: public.
  • Сервер дерекқоры үшін дерекқор мүшелігінің рөлі: db_owner.
  • Сервер дерекқорының әдепкі бойынша схемасы: dbo.
  • Рұқсаттар:
    • CONNECT SQL
    • VIEW ANY DATABASE
    • VIEW SERVER STATE (Always On параметрі қосулы болса)

SQL Server құқықтары:

  • Сервер деңгейінің рөлі: public.
  • Сервер дерекқоры үшін дерекқор мүшелігінің рөлі: db_owner.
  • Сервер дерекқорының әдепкі бойынша схемасы: dbo.
  • Рұқсаттар:
    • CONNECT SQL
    • VIEW ANY DATABASE

Басқару сервері деректерін қалпына келтіру үшін SQL Server құқықтарын конфигурациялау

Сақтық көшірмеден Басқару сервері деректерін қалпына келтіру үшін, Басқару сервері орнатылған Windows есептік жазбасымен klbackup утилитасын іске қосыңыз. klbackup утилитасын SQL Server серверінде іске қоспас бұрын, осы Windows есептік жазбасымен байланысты SQL Server серверіне кіру құқығын беріңіз. SQL Server құқықтары Басқару сервері нұсқасына байланысты өзгереді. Басқару серверінің 14.2 және одан жоғары нұсқасы үшін sysadmin серверлік рөлін немесе dbcreator серверлік рөлін тағайындауға болады.

Басқару сервері дерекқорын қалпына келтіруге арналған SQL Server құқықтары

Басқару серверінің 14.2 және одан жоғары нұсқасы

Басқару серверінің басқа да нұсқалары

  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: sysadmin.
  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: sysadmin.
  • SQL Server құқықтары:
    • Сервер деңгейінің рөлі: dbcreator.
  • Рұқсаттар:
    • VIEW ANY DEFINITION

    klbackup утилитасын іске қосар алдында KLSRV_SKIP_ADJUSTING_DBMS_ACCESS сервері жалаушасын көрсетіңіз. Әкімші құқықтары бар Windows пәрмен жолын іске қосыңыз, содан кейін ағымдағы каталогті klscflag утилитасы бар каталогке өзгертіңіз. klscflag утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center. Содан кейін пәрмен жолында келесі пәрменді орындаңыз:

    klscflag.exe -fset -pv klserver -n KLSRV_SKIP_ADJUSTING_DBMS_ACCESS -t d -v 1

 

MySQL және MariaDB

Егер сіз MySQL немесе MariaDB серверін ДҚБЖ ретінде таңдасаңыз, ДҚБЖ ішкі есептік жазбасын жасаңыз және осы есептік жазбаға төмендегі кестеде көрсетілген қажетті құқықтарды беріңіз. Басқару сервері қызметі және орнату бағдарламасы ДҚБЖ-не қатынасу үшін осы ДҚБЖ ішкі есептік жазбасын пайдаланады. Дерекқорды құру тәсілі қажетті құқықтар жиынтығына әсер етпейтінін ескеріңіз. Есептік жазба құқықтарын конфигурациялау туралы толығырақ MySQL және MariaDB серверлерімен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды конфигурациялау бөлімінен қараңыз.

ДҚБЖ: MySQL және MariaDB

 

Дерекқорды автоматты түрде немесе қолмен жасау

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба құқықтары

Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.

Басқару сервері қызметінің есептік жазбасы.

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.

Басқару сервері қызметі есептік жазбасының құқықтары

Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.

ДҚБЖ ішкі есептік жазбасы құқықтары

Артықшылықтар схемасы:

  • Басқару сервері дерекқоры: ALL (GRANT OPTION қоспағанда).
  • Жүйе схемалары (mysql және sys): SELECT, SHOW VIEW.
  • Сақталатын sys.table_exists процедурасы: EXECUTE (MariaDB 10.5 немесе одан бұрынғы нұсқасын ДҚБЖ ретінде пайдалансаңыз, сізге EXECUTE құқығын берудің қажеті жоқ).

Барлық схемаларға арналған жаһандық артықшылықтар: PROCESS, SUPER.

Басқару сервері деректерін қалпына келтіру құқықтарын конфигурациялау

ДҚБЖ ішкі есептік жазбасы үшін берген құқықтарыңыз сақтық көшірмеден Басқару сервері деректерін қалпына келтіруге жеткілікті. Қалпына келтіруді бастау үшін, Басқару сервері орнатылған Windows есептік жазбасымен klbackup утилитасын іске қосыңыз.

PostgreSQL немесе Postgres Pro

PostgreSQL немесе Postgres Pro жүйесін ДҚБЖ ретінде таңдасаңыз, Postgres пайдаланушысын (әдепкі бойынша Postgres рөлін) қолдана аласыз немесе ДҚБЖ-не қатынасу үшін Postgres рөлін (бұдан әрі рөл деп те аталады) жасай аласыз. Сервер дерекқорын жасау тәсіліне байланысты, төмендегі кестеде сипатталғандай рөлге қажетті құқықтарды беріңіз. Рөл құқықтарын теңшеу туралы толығырақ PostgreSQL немесе Postgres Pro жүйесімен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды теңшеу бөлімін қараңыз.

ДҚБЖ: PostgreSQL немесе Postgres Pro

 

Дерекқорды автоматты түрде жасау

Дерекқорды қолмен жасау

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ: жергілікті әкімшінің есептік жазбасы немесе доменнің есептік жазбасы.

Инсталлятор жұмыс істейтін есептік жазба құқықтары

Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.

Жүйелік құқықтар: жергілікті әкімші құқықтары.

Басқару сервері қызметінің есептік жазбасы.

  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.
  • Қашықтағы ДҚБЖ: ДҚБЖ орнатылған қашықтағы құрылғының домендік есептік жазбасы ғана.
  • Жергілікті ДҚБЖ:
    • Әкімші таңдаған Windows есептік жазбасы.
    • Орнату бағдарламасы автоматты түрде жасайтын KL-AK-* пішіміндегі есептік жазба.

Басқару сервері қызметі есептік жазбасының құқықтары

Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.

Жүйелік құқықтар: инсталлятор берген қажетті құқықтар.

Postgres рөлі құқықтары

Postgres пайдаланушысына қосымша құқықтар қажет емес.

Жаңа рөлге арналған құқықтар: CREATEDB.

Жаңа рөл үшін:

  • Басқару сервері дерекқорына қатынасу құқықтары: ALL.
  • Жалпыға ортақ схемадағы барлық кестелерге қатынасу құқықтары: ALL.
  • Жалпыға ортақ схемадағы барлық бірізділіктерге қатынасу құқықтары: ALL.

Басқару сервері деректерін қалпына келтіру құқықтарын конфигурациялау

Сақтық көшірмеден Басқару сервері деректерін қалпына келтіру үшін, Басқару сервері орнатылған Windows есептік жазбасымен klbackup утилитасын іске қосыңыз. ДҚБЖ-ға қатынасу үшін пайдаланылатын Postgres рөлінде иеленушінің Басқару сервері дерекқорына қатысты құқықтары болуы керек екенін ескеріңіз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу